386,71 427,30 5.98
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Польшада алапат дауыл соқты

  • 95
  • UPD: 09:53, 30.08.2019
Польшада алапат дауыл соқты

Польшада дүлей дауыл  соқты. Салдарынан Гданьск, Шецин мен Познань қалаларындағы тұрғын үйлер мен инфрақұрылымға айтарлықтай зақым келген.

Ал жергілікті өрт сөндіру қызметіне жүздеген адам хабарласып, көмек сұрапты. Сонымен қатар біршама елді мекенде күтпеген жерден су тасқыны орын алғаны хабарланған. Алайда табиғи апаттан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы мәлімет келіп түспепті.

Томаш Кубяк, өрт сөндіруші:

- Жойқын жел мен толассыз жаңбыр салдарынан 200-ге жуық оқиғаның тіркелгені туралы хабар келіп түсті. Басым бөлігі су басқан нысандарға қатысты. Бұдан бөлек, ағаштардың құлауынан ғимараттарға түрлі зақым келгені туралы хабарламалар да бар.

Хабар 24 телеарнасы