389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Украина Жоғарғы Радасы депутаттарының құрамы 80% жаңарған

  • 212
  • UPD: 14:11, 30.08.2019
Украина Жоғарғы Радасы депутаттарының құрамы 80% жаңарған

Құрамы 80 пайызға жаңарған Украина парламенті қызметіне кірісті. Тоғызыншы шақырылымның депутаттары бас прокурор, Украина Премьер-Министрі және 15 министрліктің жаңа басшысын тағайындады. Жалпы саны 424 депутаттан тұратын бес саяси күштің Жоғарғы Рададағы алғашқы жұмысы қалай өтті? 

Жаңа құраммен іске кіріскен Украина парламентінде өзгеріс өте көп. Алдымен «Слуга народа» партиясы басым дауыс 254 депутатпен Парламентке енді. Екіншіден, бұл депутаттардың барлығы дерлік бұған дейін мемлекеттік қызметті атқармаған адамдар. Парламенттің алғашқы жұмыс күні түнге дейін жалғасып, бірқатар тағайындаулармен тәмамдалды. Бас прокурор, Премьер-Министр  және 15 министрліктің жаңа басшылары тағайындалды. Украина үкіметінде евроинтеграция бойынша вице – премьер, сандық трансформация сондай-ақ территория және қауымдастық министрлігі сияқты жаңа ведомстволар құрылып, олардың басшылары анықталды. 

Алексей  Гончарук, Украинаның үкімет басшысы:

- Жаңа Үкіметте ұрлық жасалмайды. Бір-екі аптада Киевке Халықаралық қаржы ұйымының өкілдері келеді. Біз алдағы 3-4 жылдың ынтымақтастық бағдарламасын талқылайтын боламыз.

Жоғарғы Рада депутаттарының алдында сөз алған Украина Президенті Владимир Зеленский жаңа құрамды қауырт жұмыстың күтіп тұрғанын айтты. «Смс-ты қойып, дауыс берейік, фуршет кейін» деді әзіл аралас. Құқық қорғау саласы, сот, президент импичменті, тарифке қатысты заң жобасын қабылдау қажеттігін еске салды. 

Владимир Зеленский, Украина президенті:

- Бұл Жаңа құрам ел тарихына енетіні белгілі. Алайда, қандай атақпен деген сұрақ туындайтыны. Төбелессіз, жұмысын жақсы атқарған парламент әлде бір-ақ жыл қызметтегі парламент? Бір жыл – сыналатын уақыт. Жоғарғы рада депутаттарын таратып жіберу – еш қиын емес екенін білемін.  

Роман Грищук, Жоғарғы Рада депутаты:

- Біріншіден, халықтың депутаттарға сенімін қайтаруымыз қажет. Ол үшін оларға артылатын міндетті күшейту қажет. Заңсыз байыған мемлекеттік қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тарту қажет. 

Украина үкіметінде бұрынғыдай 19 емес енді 15 министрлік жұмыс жасайды. Депутаттардың санын қысқарту  мәселесі де қаралуы мүмкін дейді саяси сарапшылар.

Авторлары: Аида Қыдырбай, Сергей Качанов

Хабар 24 телеарнасы