386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Эстонияда робот-автобустар сынақтан өткізіліп жатыр

  • 163
  • UPD: 08:15, 08.09.2019
Эстонияда робот-автобустар сынақтан өткізіліп жатыр

Эстонияның Таллин қаласы мен Польшаның Гданьск шаһары жүргізушісіз автобустарды сынақтан өткізе бастады.

Шара Еуроодақтың «экологиялық таза әрі ақылды қозғалыс құралдарын» енгізу жобасы шеңберінде жүзеге асуда. Қос шаһар билігі осы арқылы кептелістен арылып, көшелердегі көлік санын азайтуды көздеп отыр. Таллинде жүргізушісіз атобус Кадриорг саябағы мен мұражай арасында қатынаса, Гданьскте мұндай көлік хайуанаттар паркіне апаратын бағытта жүреді.

Айта кетейік, жобаны Финляндия, Латвия, Германия және Скандинавия елдерінде де жүзеге асыру қарастырылған. 

Яагуп Айнсалу, Таллин қаласы көлік басқармасының өкілі:

- Жүргізушісіз көлік технологиясы қалада жолаушыларды тасымалдауды түбегейлі өзгертеді деп ойлаймын. Осы бағытта қолға алынған жоба кеңейтіле береді.

Хабар 24 телеарнасы