389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Үндістанда туристер мінген қайық апатқа ұшырады

  • 217
Үндістанда туристер мінген қайық апатқа ұшырады

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы Годавари өзенінде туристік қайық апатқа ұшырады.

Салдарынан 12 адам қаза тапты. Тағы 20-сы іс-түзсіз жоғалғандардың қатарында. Қайғылы оқиға Девипатнам ауылының маңында орын алған. Кемеде жолаушылар мен экипаж мүшелерін қосқанда барлығы 60 адам болған. Олардың 17-сі құтқарылды. Үндістан премьері Нарендра Моди құрбандардың жақындарына қайғырып көңіл айтты. Ал Андхра-Прадеш штатының губернаторы қаза тапқандардың отбасына 1 миллион рупий көлемінде өтемақы төленетінін жеткізді. Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын үндістандық Бхопал қаласында да кеме суға кетіп, 11 адам ажал құшқан еді.

Хабар 24 телеарнасы