377,04 415,79 5,92

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қытайда коронавирус жұқтырған төртінші адам көз жұмды

  • 234
  • UPD: 14:09, 21.01.2020

Коронавирустың жаңа түрін жұқтырған төртінші адам көз жұмды. Бұл туралы Қытай билігі мәлімдеді.

Сондай-ақ белгісіз індет 14 медицина қызметкерінен анықталған. Мамандардың айтуынша, бұл қызметкерлердің барлығы вирусты жұқтырған науқастармен байланыста болыпты. Ушыққан жағдайға байланысты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы шұғыл түрде отырыс өткізетінін хабарлады. Жиын кезінде жаңа індеттің қауіптілік деңгейі анықталып, онымен күрес жолдары ойлап табылмақ.

Айта кетейік, Ухань қаласында анықталған коронавирустың белгісіз түрі жайлы Қытай билігі желтоқсан айында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымына хабарлаған еді. Соңғы деректер бойынша белгісіз індетті жұқтырғандар саны 220-дан асқан. Коронавирус Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Таиланд, Жапония елдерінде тіркелді.

Хабар 24 телеарнасы