437,98 487,00 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бірнеше ғасыр бұрынғы суреттердің цифрлық нұсқалары Тбилисидегі көрмеге қойылды

  • 168
  • UPD: 08:43, 10.02.2020

Цифрлық суреттер. Бейнелеу өнері де жаңа технологияның игілігін көре бастады.

Мамандар он жыл емес, бірнеше ғасыр бұрынғы туындыларды қайта өңдейтін жағдайға жетті. Дәл осындай еңбектер Тбилисиде өткен арнайы көрмеге қойылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы жұртшылық австриялық Густав Климттың туындыларын тамашалады. 

Густав Климт – бейнелеу өнерінде өзіндік із салған суретші. Оның туындылары өзіндік жұмбаққа толы. Әсіресе, түрлі мифология мен әйелдер сұлулығына қатысты суреттері төрткүл дүниеге жақсы таныс. Грузиядағы цифрлық өнер музейі оның еңбектерін жаңа технолгиямен әрлеп, ерекше рең берген.   

Лаша Хмаладзе, цифрлық музей өнерінің креативті директоры:

– Суреттерді цифрлық технологиямен байланыстару арқылы оның көлемін үлкейтеміз. Әдетте байқала бермейтін ұсақ тетіктерін анық көрсетеміз. Бастама әсіресе, жастар үшін қолайлы. Өйткені олар осы арқылы классикалық туындылармен жақын таныса алады. Бірақ айта кету керек, цифрлық суреттер ешқашан қолмен салынған суреттің орнын алмастыра алмайды.

Австриялық суретшінің бүгінге дейін 50-ге жуық туындысы жетіпті. Музей мамандары әрқайсысын тыңғылықты зерттеп, оны цифрлық технологиямен байланыстырудың түрлі әдістерін қарастырған. 

Семен Азалашвили, жергілікті тұрғын:

– Алғаш бұл туындыларды әйелім келіп көрген екен. Кейін бізді алып келді. Енді міне, отбасымызбен бірге қыдырып жүрміз. Өте керемет.

Туындылар белгілі бір реттілікпен қозғалып тұрады және оны сүйемелдейтін музыка бар. Цифрлық суреттер жасауда осындай бірнеше факторды ерекше ескеру керек дейді мамандар.

Авторлары: Юлия Тужилкина, Шалва Сурамелашвили

Хабар 24 телеарнасы