427,88 501,70 5.49
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Португалияда төтенше жағдай енгізілді

  • 428
  • UPD: 10:44, 20.03.2020
Португалияда төтенше жағдай енгізілді utro.ru

Португалияда коронавирустың тез таралуына байланысты төтенше жағдай тәртібі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ол 2 сәуірге дейін жалғасады. Енді үкімет адамдардың жүріп-тұруын шектеп, денсаулық сақтау және азаматтық қорғаныс секілді маңызды сала қызметкерлерінің жұмыс орны мен жұмыс уақытын өзгертеді. Одан бөлек, ереуілдер мен әлеуметтік не діни жиындарды өткізуге тыйым салынады. Бұған дейін жергілікті билік вируспен күрес бойынша төтенше шаралар жариялаған еді. Жалпы соңғы ақпарат бойынша, Португалияда коронавирусты 650-ге жуық адам жұқтырған. Екі науқас көз жұмып, үшеуі айығып шықты. Тағы 5 мыңнан астам португалдық індетті жұқтыруы мүмкін деген күдікпен карантинде жатыр.

Марселу Ребелу Де Соуза, Португалия президенті:

– Коронавирус бұған дейінгі эпидемияларға ұқсамайды. Оның таралу қарқыны жоғары. Сондай-ақ басқа вирустардан гөрі ұзаққа созылатын түрі бар. Денсаулық сақтау қызметі мен Португалия халқы бұл сын-тегеурінге төтеп беруге қауқарлы.

Хабар 24 телеарнасы