430,39 515.14 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Беларусьтегі Головко әулеті президенттерге арнайы сыйлықтар жасайды

  • 375
  • UPD: 15:58, 22.03.2020

Беларусь елінде президенттерге арнайы сыйлықтар жасайтын отбасы бар. Головко әулеті бірегей шахматтар жасайды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Олардың қолынан шыққан сондай шахматтың бірі Қазақстан Тұңғыш Президентінің мұражайында сақтаулы тұр.

Ресейдің белгілі журналисі Алексей Венедиктов Беларусь президенті Александр Лукашенкомен кездесуінде осындай шахматты сыйға тартқан еді. Осыдан кейін қолөнершілердің есімдері жұртшылыққа кең таралды.

Алексей Венедиктов, «Эхо Москвы» радиостанциясының бас редакторы:

- Өмірімде бұдан асқан шахмат көрген жоқпын. Оны Беларусьте таптым. Үйімде де тап осындай бар шахмат бар. Сондықтан сапасын жақсы білемін.

Бұл Головко әулеті – әкесі мен ұлы қолға алған жоба. Әрбір бұйымының өзіндік бір тарихы бар.

Леонид Головко, студия құрылтайшысы:

- Алдымен бейнесін ойыммен жасаймын. Сосын суретін салып, оямын. Бірнеше мәрте қайта істеп, ақырында үлгісін әзірлеймін. Бұл үлгіден қалыпы құйылып, өндіріске шығарылады. Одан кейінгі жұмыспен ұлым айналысады. Ол ойдан шығарғанымды нақты дүниеге айналдырады.

Климент Головко, студия директоры:

Әкем бейнет десе де, олай санамаймын. Бұл жұмыс маған ұнайды, оған үлкен мән беремін.

Дмитрий Лукша, тілші:

- Бұл шеберхана тоқсаныншы жылдардың басында құрылған. Алғаш рет француз коллекция жинаушысының тапсырысы бойынша Леонид Головко тарихи тұлғалар бейнеленген шахмат жасаған еді. Он жылдан соң оның ерекше бұйымдары Голливуд жұлдыздарының, ал кейін саяси басшылардың қызуғышылығын туғызды.

Юлия Вронская, студия менеджері:

Жұмыс істеп жүрген саламызды өнер деп атаймын. Бұл президенттерге лайық сыйлық. Шахматымыз Александр Лукашенко және Нұрсұлтан Назарбаевта бар. Белгілі актер Чак Норис пен гроссмейстер Анатолий Карпов та сатып алған.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартылған  шахматтың көшірмесі шеберханада сақталған. Бородино деп аталатын бұл бұйымның әр тасы нақты тарихи тұлға ретінде бейнеленген. Корольдар I Александр мен Наполеон, ферзялар Михаил Кутузов пен Иоахим Мюрат. Олардың киімдері мен наградалары айнытпай жасалған.

Авторлары: Дмитрий Лукша, Константин Никаноров

Хабар 24 телеарнасы