431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


АҚШ-та соңғы бір тәулікте тағы 70 мың адамнан коронавирус анықталды

  • 162
  • UPD: 22:42, 30.07.2020

Қауіпті кеселден бір күнде мың жарымға жуық науқас қайтыс болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джон Хопкинс университетінің мәліметі осындай. Айта кетейік, Құрама Штаттар әлем бойынша коронавирусты жұқтырғандар тізімінде көш бастап тұр. Пандемия басталғалы мұнда 4 жарым миллион адамнан індет анықталған. Ал барлығы 150 мың науқас індеттің құрбанына айналды. Миллионнан астам адам вирустан құлан таза айығып шықты.

Хабар 24 телеарнасы