423,41 498,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Финляндияға кіру тәртібі қатайтылды

  • 173
  • UPD: 15:26, 11.08.2020
Финляндияға кіру тәртібі қатайтылды

Финляндия билігі елге кіру тәртібін күшейтті. Жаңа ережеге байланысты Нидерланд, Андорра және Бельгия мемлекеттері арасында шекаралық бақылау қайта қойылған.

Енді осы елдерден келетін жолауышлар екі апталық карантин талабын сақтауы тиіс. Бұдан бөлек үкімет Ковид-19 вирусы кең таралған елдерден саяхаттап келгендерге де оқшаулану талабын қойды. Бұл тәртіп 6 қыркүйекке дейін күшінде болады.

Айта кету керек, эпидемия басталғалы бері бұл елде 7 мың адам инфекцияны жұқтырып, 333 адам көз жұмды.

Хабар 24 телеарнасы