Франция астанасында гидтер бейбіт наразылық акциясын өткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».
200-ден астам жолнұсқаушы Нотр-Дам-де-Пари шіркеуінің алдына жиналып, үкіметтен коронавирусқа байланысты қаржылай көмек беруін сұрап жатыр.
Француз гидтері індеттің таралуымен көп қиыншылыққа тап болған. Туризм тұралап, осы сала өкілдерінің 41%-і жұмыссыз қалып, жалақы алмаған. «Үкіметтің дағдарысты еңсеру үшін миллиардтаған еуро бөліп, кәсіпорындарды сақтап қалуға күш салуының аса көмегі болмады», - дейді шерушілер. Ал, соңғы ақпарға қарағанда, Бесінші республикада індеттің таралуы қайта күшейген. Соңғы аптада елде күн сайын вирусты 10 мыңнан астам адам жұқтырып жатыр.