429,38 501,70 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ДДСҰ: 10 вакцина сынақтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр

  • 117
ДДСҰ: 10 вакцина сынақтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр

Әлемде коронавирусқа қарсы дайындалып жатқан 40-тай вакцинаның 10-ы клиникалық сынақтың соңғы кезеңінен өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мәлімдеді. Сарапшылардың айтуынша, бұл кезеңде екпенің адам ағзасындағы вируспен қаншалықты тиімді күресетіні және жанама әсерлерінің бар-жоғы тексеріледі. Ұйым мемлекеттерден соңғы кезеңдегі вакциналарға қатысты мәліметтерді желтоқсан айынан ала бастауымыз мүмкін деп отыр. Содан кейін сарапшылар оларды бір жылдай уақыт аралығында тексеріп, екпені қолдану қолданбауға қатысты кеңестер шығаруы тиіс.

Хабар 24 телеарнасы