423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Walt Disney 40 жылда алғаш рет шығынға ұшырады

  • 73
  • UPD: 15:26, 13.11.2020
Walt Disney 40 жылда алғаш рет шығынға ұшырады

Әлемдегі ең ірі америкалық ойын-сауық және медиа компаниясы – Walt Disney Co 2020 жылды шығынмен аяқтады.

Мұндай жағдай 40 жылда бірінші рет болды, деп хабарлады Интерфакс.

Disney-дің 3 қазанда аяқталған тоқсандағы таза шығыны 710 млн долларды құрады. Жалпы алғанда, 2020 жылы Disney-дің шығыны $2,832 млрд болып отыр.

FactSet мәліметі бойынша, Walt Disney 1980 жылдан бері шығынға ұшырамаған. Осы жылдың басынан бері Disney-дің капитализациясы 6,9% төмендеп, қазір 249 млрд долларды құрап отыр.

Хабар 24 телеарнасы