422.40 509.00 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Барак Обаманың кітабы сатылымның бірінші күнінде рекорд орнатты

  • 60
  • UPD: 16:24, 19.11.2020
Барак Обаманың кітабы сатылымның бірінші күнінде рекорд орнатты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обаманың «Жерұйық» кітабының бірінші томы сатылымның алғашқы күнінде рекорд орнатты.

Бұл туралы CNN Penguin Random House баспасының мәлімдемесіне сілтеме жасап хабарлады.

АҚШ пен Канадада кітаптың 887 000 данасы сатылған, оның ішінде алдын ала тапсырыс берілгендер де бар.

Обаманың мемуарлық кітабының бірінші томы – A Promised Land, яғни «Жерұйық» кітабы 17 қарашада сатылымға шықты. Кітапта Обаманың сайлаудағы жеңіске жету жолы және оның президенттік кезеңіндегі оқиғалар туралы сөз болады.

Обаманың бұрынғы кітаптары да оқырмандардың көңілінен шыққан болатын. «Менің әкемнің арманы» атты кітабы авторға 6,8 миллион доллар табыс алып келді.

Хабар 24 телеарнасы