432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Румынияда тағы бір жұмбақ темір табылды

  • 242
  • UPD: 14:23, 02.12.2020
Румынияда тағы бір жұмбақ темір табылды

Румынияда АҚШ-тың Юта штатындағы шөл далада табылып, кейін жоғалып кеткен жұмбақ темірге ұқсас монолит пайда болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жерге қағылған темір өткен дүйсенбі күні Пьятра-Нямц қаласының маңындағы жотадан табылған. Биіктігі 2 метрдей болатын темірдің америкалық нұсқадан өзгешілігі жоғарғы жағы шабылған. Жергілікті билік құпия темірді зерттеуге кіріскен.

Еске сала кетейік, өткен аптада АҚШ-тың Юта штатында Стэнли Кубриктің «2001 жылдың ғарыш одиссеясы» атты фильміндегідей құпия темір кесек табылған еді. Жергілікті билік оның қай жерде екенін жасырса да, адамдар оны лезде тауып алған, дегенмен, түсініксіз темір кейін ұшты-қилы жоқ боп кетіпті.

Хабар 24 телеарнасы