427,41 517.06 5.76
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қытайда көмір шахтасындағы апаттан 18 адам қаза тапты

  • 257
  • UPD: 15:53, 05.12.2020
Қытайда көмір шахтасындағы апаттан 18 адам қаза тапты

Қытайдың Чунцин қаласындағы көмір шахтасында жарылыс болып, 18 адам мерт болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған жер астындағы көміртек тотығы деңгейінің күрт артуы себеп болды деген болжам бар. Дей тұрғанмен, оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз. Белгілісі, апат кезінде шахтада 24 кенші болған. Әзірге солардың тек біреуі ғана тірі табылған. Қазір кен орнында құтқару-іздестіру жұмыстары жүріп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы