418,41 511.30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркияда коронавирустан емдейтін ауруханадан өрт шығып, 10 адам қаза тапты

  • 153
  • UPD: 12:35, 20.12.2020
Түркияда коронавирустан емдейтін ауруханадан өрт шығып, 10 адам қаза тапты

Түркияда коронавирустан емдейтін ауруханада өрт шығып, 10 адамның өмірін жалмады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құрбандардың барлығы науқастар. Тағы 51 қызметкер жарақат алған. Олардың 10-ы ауыр халде жатыр. Бұл туралы осы елдің Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген. Қайғылы оқиға оңтүстік-шығыстағы Газиантеп қаласында болған. Өрт бұзылған оттегі аппаратынан шыққан. Ауруханадағы науқастар басқа медициналық орталықтарға ауыстырылды. Полиция тергеу жүргізіп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы