389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада «Астана самалы» үрмелі аспаптар оркестрлерінің шеруі өтті

  • 841
  • UPD: 12:01, 06.07.2017

«Астана самалы 2017»! Елордада осындай атаумен қала күніне арналған үрмелі оркестрлер фестивалі өтті.

Шараға қатысушылар бас шаһардың көшелерімен жүріп өтіп, бүгінгі мейрамның көрігін қыздырмақ.

Бүгін – әлемнің алып, алпауыт мемлекеттерінің бас қалаларымен иық теңестірген Астананың туған күні. Биыл Елордаға – 19 жыл. Осы жылдар ішінде еліміздің бас қаласы қарыштап дамыды.

Бүгінгі Астана күніне орай ұйымдастырылған үрмелі аспаптар оркестрлерінің шеруі Республика алаңынан бастау алды. Оған еліміздің әр өңірінен және Бішкек, Ресей мемлекеттерінен келген барлығы 200-ден астам орындаушы қатысты. Олар өздерінің үздік композицияларын орындап, Астана қаласы тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлады.

Таңертең басталған шерудің соңы кешке оркестрлердің шағын концертімен аяқталатын болады.

Хабар 24 телеарнасы