365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Астанада Пикассо туындыларының көрмесі ашылды

  • 607
  • UPD: 11:08, 09.08.2018

Астанада алғаш рет атақты суретші Пабло Пикассо көрмесі шымылдығын түрді. Ұлттық музейде оның тың туындыларынан құралған экспозиция ашылды.

Кубизм кескіндемесінің негізін қалаушы Пикассоның жұмыстары мазмұны жағынан өзгеше. Көрмеге қойылған құмыралар мен тәрелкелер, «Селестина» шығармасына үйлестіріліп жасалған графика суретшіні жаңа қырынан танытады. Жалпы жеке еуропалық топтама арасынан жүзге жуық жәдігер тарихтан сыр шертеді.

Мадина Сұлтанова, өнертанушы, көрме кураторы:

- Керамикадан жасалған жұмыстар да, графикалық картиналар да көздің жауын алады. Өйткені осы жәдігерлер жай мұра болып қалмай, белгілі испан жазушысы Мигель де Сервантестің «Дон Кихот» романына жасалған суреттемемен пара-пар десем артық айтқандығым емес.

Осы категория бойынша: « Қызылорда облыстық музыкалық драма театрының әртістері Эдинбургте өнер көрсетті «Хабар» Агенттігі мен КBS ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы