365.49 420.50 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Бішкектегі театр фестивалі қазақстандық «Кішкентай Оскарым» атты қойылыммен басталды

  • 114
Бішкектегі театр фестивалі қазақстандық «Кішкентай Оскарым» атты қойылыммен басталды

Бішкекте «Импульс» атты бесінші халықаралық театр фестивалі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Негізінен шағын қойылымдар қатысатын осы шара «Кішкентай Оскарым» атты қазақстандық спектакль көрсетілімінен басталды.

«Кішкентай Оскарым» спектаклінде жалғыз адам ойнайды. Алматыдағы Лермонтов театрының актрисасы Марианна Покровская қойылымда бірнеше кейіпкерді сомдаған. Бұл – жазылмас дертке шалдыққан 10 жасар бала жайындағы оқиға. Ауруына қарамастан, ол толыққанды өмір сүруге күш-қуат табады. Ал оған егде жастағы күтуші әйел көмек беріп жүр. 

Марианна Покровская, актриса:

– Бәріміз де өмірімізде қиындықтарға тап боламыз. Бұл адамда пайда болған ауру немесе басқа бір кез келген ауыртпалық болуы мүмкін. Қолыңды төмен түсірмей, өмірдің әрбір күніне қуанудың өзі үлкен қуаныш.

Спектакль екі сағатқа жалғасқанымен, көрермендер уақыттың қалай өтіп кеткенін байқаған жоқ. Қойылымның бір ерекшелігі, актрисаны көрермендерден бөлетін бөгеттің болмауы. Сахна мен зал арасында жүрген кейіпкер көрермендерді тәнті етті.

Нұрлан Асанбеков, Бішкектегі Умуралиев атындағы театр директоры:

– Бүкіл фестивальдердің мақсаты бір – театр өнерінің деңгейін көтеру. Бізге түрлі елдерден театр сарапшылары келген. Олар қойылымдарды сараптап, мастер-класс жүргізеді.

Фестиваль аясында сондай-ақ Литва, Ресей және Бішкектегі Умуралиев атындағы театрлар спектакльдерін көрсетеді. Актерлердің шеберлігін кәсіби қазылар алқасы бағалайды. Оның құрамында Қазақстан халық әртісі Бекболат Парманов пен Қазақстаның еңбек сіңірген өнер қайраткері Сания Қабдиева бар. Жалпы театр фестивалі 5 күнге жалғасады.

Авторы: Бақыт Чермашев

Хабар 24 телеарнасы