428,10 501,70 5.55
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай мұрасын зерттеудің жаңа әдістері қолданылады

  • 471
  • UPD: 18:31, 21.02.2020
Абай мұрасын зерттеудің жаңа әдістері қолданылады

Елімізде Абай мұрасын зерттеудің жаңа әдіс-тәсілдері қолданылады. Еуразия ұлттық университеті мен номері жетінші гимназия оқытушылары бүгін өткен семинарда осы мәселенің жай-жапсарын талқылады.

Жиында ғалымдар ұлы ойшылдың ағартушылық бағыттағы қанатты сөздерін мектепте оқыту, «Абайтану» авторлық бағдарламасы және ақын мұрасын дәріптеудің интерактивті әдістері жөнінде баяндама жасады. Бұдан бөлек кеңестік дәуір суретшісі Евгений Сидоркиннің Абай шығармашылығына арналған туындылары шараға қатысушылардың назарына ұсынылды.  

Сымбат Ахметова, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ білім тарихы музейінің меңгерушісі:

- «Абай жолы» роман-эпопеясының иллюстрациясын пайдаланған, әрбір бөлімге, әрбі тарауларды оқып отырып суреттерді салған. Бұл жерде ана бейнелері бар. Зере анамыз, Тоғжан, Құнанбай атамыз, Абай жалпы эпопеядағы барлық персонаждарды көреміз.

Хабар 24 телеарнасы