419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ШҚО-дағы қорымдардан жәдігерлер туралы нақты мәліметтер алынады

  • 349
  • UPD: 15:56, 19.03.2020
ШҚО-дағы қорымдардан жәдігерлер туралы нақты мәліметтер алынады

Шығыс Қазақстан өңіріндегі қорымдардан табылған жәдігерлердің қай уақытқа тиесілі екендігін анықтайтын мүмкіндік туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскеменде тұрған артефактарды Кембридж университетінің ғалымдары зерттеуге кірісті. Олар арнайы құрылғыларын артып, аймаққа арнайы келген. Енді тарихи заттарға толық химиялық талдама жасайды. Өлкеден табылған аң бейнесіндегі бұйымдар әлем тарихшыларын қазір қатты қызықтырып отыр. Сондықтан басталған зерттеулердің нәтижесі де ел назарын аударатыны сөзсіз. Артефактардың химиялық құрамын анықтап, алтын дүниелердің сынамасын білу осыған дейін біраз қиындық туғызған. Себебі оны анықтайтын құрал біздің елде жоқ. Ел ғалымдары «аталған талдамаларды жасау кезінде экспонаттардың еш бүлінбеуі жіті қадағаланады», деп отыр.

Зейнолла Самашев, тарих ғылымдарының докторы:

- Кембридж зертханасының мүмкіндігін пайдалана отырып, біз осындағы артефактардың қай заманға,қай дәуірге тиесілі екендігін анықтай аламыз. біздің ойымызша,сақ мәдениетінің аң стилі осы шығыс қазақстан облысының аумағында бастау алған болуы мүмкін.Сондықтан ұзақ мерзімді терең зерттеулер жүргізудің маңызы зор.

Хабар 24 телеарнасы