384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Абай қаласының тұрғындары жылу құбырларының дұрыс қапталмағанын айтып дабыл қағуда

  • 581
  • UPD: 11:31, 23.01.2017

Қарағанды облысы Абай қаласының тұрғындары қалалық жылу құбырларының дұрыс қапталмағанын айтып дабыл қағуда.

Салдарынан қақаған қыста жылу үйге емес, далаға кетіп жатыр деп ашуға мінді халық. Тараптардың арыз-шағымын осы өңірдегі тілшіміз тыңдап қайтты.

Айнұр Абдиева, тілші:

- Абай қаласының әрбір ауданы мен ауласында дұрыс қапталмаған, ашық жатқан құбырлардың мәселесі қала тұрғындарының назаралығын тудырып отыр. Қалаға кіреберіс пен орталық аурухана маңында да дәл осындай жағдай.

Күлбағила Смаилова, қала тұрғыны:

- Құбырлардың сапасы төмен, жылудың жартысы ауаға кетіп жатыр. Өткен жылы кейбір жерлерін қаптап жатқан, ал қазір ол да жоқ.

Қала әкімі мұндай мәселенің бар екенін жоққа шығармады. Бүгінде қаланың 20 шақырымнан астам жылу құбыры ашық күйінде жатыр. Дегенмен биыл бөлінген бюджеттік қаражатқа ауқымды жұмыс жоспарланып отыр, - дейді қалаға жауапты шенеунік.

Ерғали Қысраунов, Абай қаласының әкімі:

- Бюджеттен құбырларды қаптау үшін 25 миллион теңге бөлінді. Биылғы жылы Бамов ауданынан бастап Промышленный көшесінің кейбір жерлеріне 750 метр қашықтыққа дейін жылу құбырлары қапталады. Сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлік компания өз қаржысына осы жылы 10 млн теңге бөліп, 1,7 шақырым құбырлардың қаптамаларын қалыпқа келтіру жұмыстарын жоспарлап отыр.

Жалпы Абай қаласының жылу құбырларын қайта қалпына келтіру жұмыстарына биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 460 миллион теңге де бөлінді.

Авторлары: Айнұр Абдиева, Әсет Асайынов

Хабар 24 телеарнасы