384.05 434.70 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада әуежайдағы жөндеу жұмыстарына байланысты рейстер кестесіне өзгерістер енгізіледі

  • 552
  • UPD: 09:26, 05.09.2017

Астанадағы «Нұрсұлтан Назарбаев» әуежайы жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты уақытша жартылай жабылады.

Бұрын бұл шара тек жаз мезгілінде жүргізілетін. Биыл ЭКСПО халықаралық көрмесінің өтуі себепті қыркүйекке ауыстырылып отыр. Бұл туралы «Эйр Астана» компаниясының баспасөз қызметі хабарлады. Алдағы 15-24 қыркүйек аралығында әуе айлағының ұшу-қону жолағы жөнделеді. Әуе компаниясы жөндеу жұмыстары жүргізілетін күндері сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін әуекомпанияларының кейбір рейстерінің кестесіне өзгерістер енгізілетінін айтады. Сондықтан жолаушыларға рейс кестесін алдын ала тексеріп алуға кеңес береді. Дегенмен әуекомпаниялары кестенің өзгергенін жолаушыларға алдын ала хабарлайтын болады. 

Хабар 24 телеарнасы