389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Kaztube.kz» Пхенчханда өнер көрсететін спортшыларды қолдау үшін байқау жариялады

  • 651
  • UPD: 15:36, 01.02.2018
«Kaztube.kz» Пхенчханда өнер көрсететін спортшыларды қолдау үшін байқау жариялады

«Kaztube.kz» бейне-порталы Кореяда өтетін Қысқы Олимпиада ойындарына қатысушы спортшыларды қолдау мақсатында байқау жариялады.

Ол үшін әр азамат жерлестерімізге арналған құттықтау видеосын түсіріп, сайтқа жіберуі тиіс. Жеңімпаз халықтық дауыс беру нәтижесінде белгілі болады. Жалпы «Қазконтент» АҚ-ның жаңалығы мұнымен шектелмейді. Бүгін баспасөз конференциясына келген басқарма төрағасы Евгений Кочетов қолға алған тың идеяларымен бөлісіп, өткен жылды қорытындылады. Биыл акционерлік ұйымға қарасты әр портал өз жұмысына жаңашылдық енгізген. Мәселен, Астананың 20 жылдығы қарсаңында, «El.kz» порталы жаңа жобаны қолға алып отыр. «Лица столицы» деп аталтын тың бастама деректі фильм форматында түсірілмек. Бейнебаянда шаһар тұрғындары Астанаға қатысты өз естеліктерімен бөлісетін болады.

Евгений Кочетов, «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасы:

– Бұл жоба сіздердің көңілдеріңізден шығуы керек. Себебі бұл бейнероликтер легінде елорда тұрғындары «Арман қала – Астана» жайлы өз ойларымен бөлісетін болады. Мәселен, бірі Астананың 20 жыл бұрын қандай болғанын айтса, екіншісі қаланың өркендеуіне қосқан үлесі жайлы ойын жеткізуі мүмкін.

Хабар 24 телеарнасы