389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «Жұлдызай» республикалық фестивалінің гала-концерті өтеді

  • 782
  • UPD: 12:01, 01.06.2018

 Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған байқау сәуір айында басталды. Ал бүгін бас қалада өз мәресіне жетпек.

Әсел Тұмашқызы, тілші:

- Фестиваль аясындағы бай­қау­лар 6 аталым бойынша өте­ді. Олар: вокал, аспапта орындау, ым-ишаратпен орындау, би, бейнелеу өнері, көркем-қол­дан­балы өнер. Биыл Астанада екінші этапқа өткен 300 бала бас қосты. 
Дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан бұл фестивальдың негізгі көздегені − еліміздің түкпір-түкпіріндегі ерекше балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілеттерін, әлеуметтік белсенділігін дамыту, қоғамдық ортада өздерін еркін сезінуге көмектесу, қоғамның назарын осындай балалардың проблемаларына аудару. 

Биылғы байқау несімен ерекшеленбек?

Әсел Тұмашқызы, тілші: 

- Биыл байқауға қатысуға 8 мыңнан астам бүлдіршін қатысуға ниет білдірген. Олардың жас шамасы 10 мен 18 жас аралығындағы жасөспірімдер. 297 бала байқаудың ақтық мәресіне жолдама алды. Алғаш рет 2005 жылы өтті, осы уақыт ішінде 42 мыңнан астам бүлдіршін бақ сынады.

Хабар 24 телеарнасы