389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бір айдан кейін базалық зейнетақының мөлшері өзгереді

  • 603
Бір айдан кейін базалық зейнетақының мөлшері өзгереді

ҚР Еңбек және xалықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова кімдердің зейнетақысы қалай көтерілетінін түсіндіріп берді.

«1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау тәртібі өзгереді. Мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық зейнетақының мөлшері еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне тәуелді болады. Бүгінде базалық зейнетақы барлығына бірдей төленіп отыр. Ал оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 54 процентін құрайды. Ол – шамамен 15 274 теңге. Енді шілде айынан бастап базалық зейнетақы еңбек өтілі мен зейнетақы жүйесіне қатысу мерзіміне қарай төленеді», – деді С.Жақыпова Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, бүгінде қайта есептеу шаралары атқарылып, әрбір адамның зейнетақысы автоматты түрде белгіленді. Сондықтан қосымша құжаттарды әкелудің қажеті жоқ. Айта кетейік, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауда базалық зейнетақыны еңбек өтіліне қарай 1,8 есеге ұлғайтуды тапсырған болатын. Бүгінде республика бойынша базалық зейнетақыны 2 млн-нан астам адам алып отыр.

Ақпарат көзі: inform.kz

Хабар 24 телеарнасы