389,71 430,40 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада «IоT World Summit Eurasia» саммиті бастау алды

  • 362
  • UPD: 14:22, 14.06.2018

Еліміздің Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министірлігі қолдау көрсеткен «IоT World Summit Eurasia» шарасына әлемнің 12 елінен келген мамандар қатысып отыр.

Саммит бағдарламасында тау-кен өндірісі, энергетика, мұнай-газ сияқты салаларда қолданылатын 35 сандық жоба ұсынылған. Олар Smart қала, Smart экология, Smart өнеркәсібі және 4.0 Индустриясы, Smart агро және Интернет заттар өнеркәсібі салаларын қамтып отыр. Бүкіләлемдік цифрлық саммитте өнер-кәсіпшілер, шаруалар мен бизнес өкілдері әлемдік тәжірибе, технологияларды, цифрлық трансформация және жаңа бизнес модельдеріне өту тәжірибесімен бөлісті. Екі күн бойы жалғасатын форумда «Seoul Innovation» бас директоры Ин Донг Чо, Сазерн Уотер басты қызметкері Питер Джексон Ұлыбританияның тәжірибесі туралы баяндама жасайды деп күтіліп отыр. Сонымен қатар қазақстандық компаниялар да кәсіпорындарында заттар интернетін енгізу бойынша өз жетістіктерімен бөліседі.

Нариман Мұқышев, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің орынбасары:

– Әзірге біздің ведомство IоT технологияларын қолданып жатқан жоқ. Алайда болашақта оған да басымдық береміз деп ойлаймын. Бүгінгі конференция қатысушылары блокчейн, жасанды интеллект сынды тақырыптар аясында пікір бөлісті. Оларды жұмыспен қамту саласында белсенді пайдалануға болады.

Хабар 24 телеарнасы