365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жетістігі мен кемшіліктері талқыланды

  • 249
  • UPD: 18:30, 11.08.2018

Алдағы уақытта кемшілікті жасыру мүмкін емес. Өйткені цифрлық жүйеге көшсек бәрі жариялы түрде жүзеге асырылады.

Әсіресе, мемлекеттік басқару саласына «ақылды» технологиялар енгізу қажет. Бүгін осы міндетті жеделдету мақсатында IT компаниялар өкілдері мен Вице-министрлер бас қосты. Олар «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жетістігі мен кемшін тұстарын талқылады. «Digital Arena» форумы еркін форматта ұйымдастырылған. Оған Денсаулық сақтау, Білім және ғылым, қаржы, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің вице-министрлері мен IT компаниялардан 300-ден астам өкіл қатысты. Осылайша, билік өкілдерімен жас өнертапқыштар тікелей тілдесіп, арадағы кемшіліктерді жою жолдарын қарастырды. Форум барысында ашық микрофон сессиясы ұйымдастырылған. IT мамандардың айтуынша, мұндай форумдар жаңашыл жобаны билікке ұсынып, қолдау табуға мол мүмкіндік.

Алмат Құрмышев, «Аутомато» компаниясының IT маманы:

- Біздің жасап жатқан жобамыз Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен тығыз байланысты жұмыс жасап жатқан цифрлық еңбек кітапшасын енгізіп жатырмыз. Яғни, жылдың соңына дейін бітіреміз деп жоспарлап жатырмыз. Екіншісі Астана әкімдігімен бірге «Аутометр» деген жобамыз бар. Яғни ол коммуналдық есептегіштерге өзіміз жасап жатқан датчиктерді енгіземіз. Бұл датчиктер есептегіштердегі сандарды бір айда, бір аптада қанша жаратқанымыз әкімдікке тікелей барады.

Осы категория бойынша: « СҚО-да жел электр станциясы іске қосылады Ақтау болашақта Қазақстанның Анталиясына айналады – Елбасы »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы