365,48 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Маңғыстау облысының Қарақия ауданында EXPO жобалары жүзеге асырылады

  • 215
  • UPD: 22:15, 25.08.2018

Биыл Маңғыстау облысының Қарақия ауданында EXPO жобалары салынады. Дәлірек айтқанда инвестор қаржысымен екі бастама қолға алынбақ.

Бірі желден 5, екіншісі 10 мВт ток өндіреді. Станциялар құрылысына Жетібай ауылынан жер белгіленген. Айта кетейік, осы өңірдегі бар-жоғы бес аудан 2020 жылға қарай баламалы қуат көздерімен толық қамтылады. Қазір Батыр және Ақшұқыр елді мекендерінде күн және желден қуат алатын құрылғылар жұмыс істеп тұр. EXPO жобаларын кеңінен қолдану сұйытылған газ жағу арқылы электр қуатын өндіретін комбинаттар жүктемесін азайтады.

Бердібек Қартбаев, облыстық энергетика басқармасының бөлім басшысы:

- Бізде күзге жақын аукционның екінші кезеңі жүргізіледі. Жетібай елді мекенінде тағы да 50 мВт электр станциясын салу жоспарланып жатыр. Бұл жобалар өз кезегінде Маңғыстау облысына, сонымен қатар Қазатомпром дейді, соған жүктемені азайтуға, елді мекендердегі тұтынушыларды, мұнай компанияларын электр энергиясымен қамтуға мүмкіндік береді.

Осы категория бойынша: « Ақтөбе облысында «Нұрлы жер» аясында жалдамалы тұрғын үй қолданысқа берілді Елімізде тағы бірнеше бағыттағы жол ақылы болады »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы