367,40 417.85 5.52
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағандылықтарға ыстық су жылыту маусымында беріледі

  • 142
  • UPD: 08:56, 11.09.2018
Қарағандылықтарға ыстық су жылыту маусымында беріледі

Қарағанды қаласының тұрғындары мамыр айынан бері ыстық сусыз отырды.

Уақытша жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты ыстық сумен қамту жүйесінен ажыратылған болатын.

Енді алдағы жылу беру маусымында қайта қосылады. Биыл «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында қаладағы 4  негізгі жылу-желісінің  жөндеу жұмысы аяқталуға жақын. Өткен жылу маусымында құбырларда 50-ге жуық ақау анықталған еді. Гоголь көшесінің бойында орналасқан екі негізгі жылу желісіндегі құбырлар жиі жарылып, мұндағы көлік қозғалысын шектеуге тура келген. Бұған жұртшылық шағымданып, біраз кедергі келтірілгенін айтып отыр. Құзырлы сала мамандары 1 қазанда басталатын жылу беру маусымында бұл мәселелер толығымен шешіледі деп сендіріп отыр

Александр Акишин, коммуналдық кәсіпорынның техникалық директоры:

- Бірнеше жыл бұл көшелерде орнатылған жылу құбырлары ешқандай үзіліссіз, ақаусыз жұмыс жасайды деген сенімдеміз. Оған мердігер үш жылдық кепілдік, ал құбырларды жасап шығарушы компания 25 жыл кепілдік беріп отыр.

Осы категория бойынша: « Павлодарлықтар 100-ге жуық ағашты тамырымен қопарған кәсіпкерді сотқа береді ШҚО-ның ауылдарын ауыз сумен толық қамтамасыз ету жоспарланды »
Серіктестер жаңалықтары
Хабар 24 телеарнасы