366.43 425.85 5.6
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Astana LRT автобус бағыттары сызба-карталарының 2 нұсқасын ұсынды

  • 146
  • UPD: 12:42, 09.10.2018
Astana LRT автобус бағыттары сызба-карталарының 2 нұсқасын ұсынды 365Info

Astana LRT елордалықтардың назарларына қоғамдық көлік маршруттары сызба-карталардың 2 нұсқасын қарап, ыңғайлысын таңдауды сұрайды.

Құрметті қоғамдық көлік пайдаланушылары!

«Біз аялдамаларға бағдар сызба-карталарының жаңа пішімін әзірлеудеміз. Түсінген боларсыздар, аялдамалардан өтетін қоғамдық көлік бағдарларының сызба-карталарын жаңартпақпыз. Бұл сызба-карталар сіздер үшін аса қолайлы болғанын қалаймыз. https://goo.gl/forms/KCseyF9lBykag1vR2 сілтеме бойынша назарларыңызға ұсынып отырған сызба-карталардың 2 нұсқасын қарап, ыңғайлысын таңдауыңызды сұраймыз.

Осы сауал бойынша аялдамаларға орнатылатын сызба-карталардың оңтайлы пішімі жасалатын болады. Қатысқаныңызға алдын ала ризашылығымызды білдіреміз», деп келтірді Astana LRT хабарламасына сілтеме жасаған Elorda.info порталының Telegram парақшасы.

Хабар 24 телеарнасы