389,38 430,50 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақтаудағы үйлерде краннан май араласқан су ағып жатыр

  • 420
  • UPD: 18:31, 17.10.2018

Ақтауда жылу беру маусымы басталды. Көптен күткен қуанышты хабармен қатар жылдағы өзекті мәселе де қайта көтерілді.

Нақтыласақ, ыстық су ағатын құбырдан май иісі аралас қара сұйықтық төгіліп, сантехниканы ластауда. «Шомылу үшін біраз су жіберіп, түсі ағарғанша күте тұру керек. Ал кәрізге құйылып, ысырап болған судың ақшасын төлеуден қашан құтыламыз», - дейді қала тұрғындары. Шаһар әкімдігі бұл мәселенің үш күн ішінде жойылатынын айтып, халықты сабырға шақырды. 

Қайрат Ақыбаев, қалалық ТҮКШ бөлімінің басшысы:

- Бүгіннен бастап жылу қазандықтарын қосу басталды, төменгіден бастап жоғары шағын аудандарға дейін. Үш күнде циркуляциядан өтіп, толықтай қосылуы тиіс. Үш күндік нәрсе болғандықтан, ыстық су жүйесінде дат пайда болған кездері болды. Жылу және ыстық су жүйесі кезінде бір жүйемен жүргізілген. Осыған байланысты, циркулиция уақытында су әртүрлі қысыммен келгендіктен, тұрып қалған су мен келіп жатқан судың арасы араласуына байланысты пайда болып жатқан жағдай.

Хабар 24 телеарнасы