386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Д.Ахметов Тұңғыш Президент күніне орай оқушыларға арнап дәріс оқыды

  • 527
  • UPD: 23:35, 27.11.2018

Тәуелсіз мемлекетті құру барысында қандай қиыншылықтардан өттік?

Ел тарихындағы маңызды сәттерде шешім қабылдауда Мемлекет басшысының көрегенділігі қандай рөл атқарды? Бүгін шығысқазақстандық оқушылар осындай қызықты сауалдарға нақты дәлелдермен жауап алды. Облыс әкімі Даниал Ахметов мектеп оқушыларына арнап Тұңғыш Президент күніне орай арнайы дәріс оқыды.

Шығысқазақстандық мектеп оқушылары үшін бүгінгі сабақ кестесі ерекше басталды. Өйткені олардың алдында әдеттегідей өз мұғалімдері емес, облыс әкімі дәріс оқыды. Тақырып та өзгеше. Жоғары сыныптың 350 оқушысы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ел басқарудағы ерекше шешімдері мен көреген саясаты туралы әңгімеге қанықты.

Бақытжан Кожикова, №46 орта мектептің оқу-ісінің меңгерушісі:

- Алғашқы тығырықтан шығу жолдарын бірге бастағандарын нақты фактілермен келтіріп берді. Осы оқушыларға сабақ деп ойлаймын.

Жастарды әсіресе ұлттық валютамыздың тарихы қатты қызықтырды. Экономикалық дағдарыс өршіп тұрған кезеңге қарамастан Елбасының төл теңгемізді айналымға енгізуі үлкен келеңсіздіктің алдын алғаны сөзсіз еді.

Айзат Дәурен, мектеп оқушысы:

- Қазіргі таңда жастардың көбісі теңгені жай қазақ жерінің валютасы деп қана қабылдайды. Бірақ бұл олай емес. Осы орайда ШҚО әкімі бізге айтып кетті, 1993 жылғы оқиғаны алдын ала көріп, Біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Англияға теңге валютасына тапсырыс берген.

Бүгінде егемен елімізде бейбітшілік пен келісім салтанат құрған. Мемлекет басшысының мықты саясаты осындай жарқын болашаққа жол ашты.

Даниал Ахметов, облыс әкімі:

- Біз үлкен қойын дәптерлермен Алматыға жиі баратын едік, жаңа Қазақстанды құрудағы әр қадамымызды Елбасы аса мұқият қадағалап, әр тапсырмасын егжей-тегжейлі түсіндіретін. Сондықтан біз ұзақ уақыт бойы Мемлекет басшысынан үйрендік, әр өңірді дамытуда қандай мәселеге көңіл бөлу керегін білдік.

Дәріс барысында аймақ басшысы бүгінгі ұрпақтың сапалы білім алуы үшін барлық жағдай жасалып жатқанын жеткізді.

Айта кету керек, өңірде биыл 277 IT сынып ашылып, жұмыс жасауда.

Авторлары: Э.Ахметова, А.Төлепов

Хабар 24 телеарнасы