419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында этнотуризмді дамыту жұмыстары қолға алынады

  • 1506
  • UPD: 07:48, 20.01.2019
Алматы облысында этнотуризмді дамыту жұмыстары қолға алынады

Президенттің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы басымдық берілген бағыттарға сәйкес, Алматы облысында этнотуризмді дамыту жұмыстары қолға алынбақшы.

Өткен жылы Қарасай мен Талғар ауданында екі этнографиялық ауыл ашылды. Жақында мұнда көшпенділердің қол өнері мен соғыс өнері сияқты мәдени-танымдық шаралар ұйымдастырылады. Шетелдік саяхатшыларға және туристік операторларға арналған вебинарлар мен семинар-тренингтер өткізу де жоспарланған. Ол түрлі тақырыптарды қамтиды. Ал Жоңғар Алатауында жыл сайын өтіп тұратын «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалін әлемдік деңгейге көтеру көзделіп отыр.

Жанар Алшымбаева, облыстық туризм басқармасының басшысы:

- «Сиверс алмасының гүлдеуі» фестивалі «Қазақинвест» ұлттық компаниясы өткізетін шаралар тізіміне енді. Бұл оған әлемдік қауымдастықтың назарын аудару мақсатында жасалған. Болашақта көшетті отырғызғаннан бастап, оның гүлдеп, пісіп-жетілу және алманы жинау үдерісі түгелдей қадағаланады.

Хабар 24 телеарнасы