435,54 474,00 5.78
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Астанада қоғамдық көлікте жұрттың қалтасына түскен екі күдікті ұсталды

  • 623
  • UPD: 15:59, 22.01.2019
Астанада қоғамдық көлікте жұрттың қалтасына түскен екі күдікті ұсталды astana.gov.kz

Тәртіп сақшылары аталмыш азаматтардың әрекеттерінен зардап шеккен тұрғындарды полиция қызметіне хабарласуды сұрайды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, ұсталғандар қалта ұрлығын қоғамдық көліктерде жүзеге асырған. «Ұсталғандардың біреуі, №12 маршрут салонында таңғы сағат 08:00 мен 08:20 сағат аралығында жолаушы күртешесінің қалтасынан ұялы телефон ұрлаған. Екінші ұсталған ер адам, №17 автобус салонында 30 мың теңгені құрайтын қаражатты ұрлап кеткен. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында. Қазіргі таңда ұрлық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу  амалдары жүргізіліп жатыр. Ұсталғандардың қала аумағында осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

«Егер ұсталғандардың қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтар болса, Астана қаласының полиция департаментіне (Бейбітшілік, 19) немесе мына телефондар бойынша: 8 (7172) 71-61-71; 71-62-47; 87021111441, «102» хабарласуды сұраймыз», – делінген хабарламада. Сондай-ақ полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жолаушыларына сақ болып, бағалы заттар мен ақшаны қолжетімді жерлерде сақтамауды сұрайды.

Хабар 24 телеарнасы