384,59 430.70 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ел өңірлерінде «Қайырымдылық керуені» байқауына іріктеу жүріп жатыр

  • 902
  • UPD: 11:31, 23.01.2019
Ел өңірлерінде «Қайырымдылық керуені» байқауына іріктеу жүріп жатыр egemen.kz

Жамбыл облысында «Қайырымдылық керуені» республикалық байқауына іріктеу жүріп жатыр. Ізгілікке бастайтын игі жоба Тұңғыш президент қоры мен Іскер әйелдер қауымдастығы және «Хабар» агенттігінің қолдауымен ұйымдастырылуда.

Конкурсқа әлеуметтік, қоғамдық маңызы бар  мәселелерді шешіп жүрген белсенді азаматтар қатыса алады. Ол үшін ақпан айының соңына дейін өтініш беруі тиіс. Лауреаттар 5 номинация бойынша анықталады. «Асар», «Туған жер», «Батыл жүрек», «Қайырымдылық тарихы», «Мейірім жолында»  ілкімді істер атқарған атымтай жомарттар  Астанада бақтарын сынайды. Ал жеңімпаздарды Алғыс айту мерекесі қарсаңында  елордада  арнайы сыйлықтармен марапаттайтын болады. Айта кету керек, байқауға Тараз қаласы бойынша әзірге екі тұлға ғана тіркелген.

Гүлсін Орынбаева, облыстық саясаткер әйелдер клубының төрайымы:

- Байқауға жеке және заңды тұлғалар қатыса алады. Мынау аз қамтылған азаматтарға, жағдайы жоқ азаматтарға, сондай қайырымдылық жасап жүрген азаматтар қатыса алады. Бірақ өзінің мынау мемлекеттік тапсырыс, мемлекеттік грант алған азаматтар бұған қатыса алмайды.

Хабар 24 телеарнасы