386,04 428,90 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде туберкулезге қарсы дәрілердің тиімділігі 80% артады деп күтілуде

  • 709
  • UPD: 15:21, 31.01.2019

Денсаулық сақтау министрлігі С гепатитін емдейтін жаңа дәрі алуға 1,5 млрд теңге бөлді, деп жазады «Хабар 24» тілшісі.

БҰҰ Даму бағдарламасы және ЮНИСЕФ халықаралық ұйымдарымен жасалған келісім нәтижесінде бұл бағытта 1,4 млрд теңге үнемделді. Астанада тіркеуде тұрған 4 мыңға жуық адамның 500-і жаңа тәсілмен ақысыз емделіп шыққан. Халықаралық шарт бойынша тағы қандай науқастарға тегін дәрі беріледі?

2018 жылы Қазақстанға алғаш рет бауыр ауруын емдейтін жаңа дәрі-дәрмектер алына бастады. Қазір Астанадағы гепатологиялық орталықта созылмалы бауыр ауруларына шалдыққан науқастар тегін көмек алуда. Дәрігерлердің айтуынша, ескі бағдарламамен олар 1 жыл емделсе, вирусқа тікелей әсер ететін жаңа препараттар бұл мерзімді 12-ден 24 аптаға дейін қысқартқан. Биыл 3000-ға жуық адамды емдеу жоспарланған.

Күнсұлу Шамсивалиева, Астана қалалық гепатологиялық орталықтың жетекшісі:

- Емнің нәтижелері өте жақсы. Терапия орта есеппен 95-98% тиімді деп бағаланады. Біз бұл препараттармен енді ғана жұмыс істей бастағандықтан, оның жағымсыз тұстары туралы айта алмаймыз. Бірақ жаңа дәрімен ем ала бастаған науқастар өздерін жақсы сезіне бастады.

Халықаралық ұйымдармен жасалған келісімдер бойынша ВИЧ инфекциясын емдеуге өткен жылдың соңында 1,4 млрд доллар бөлінді. Сөйтіп 18 мың адамды заманауи антивирустық препараттармен емдеу жоспарланып отыр.

Айта кетейік, дәрілердің 61% өндірушілерден тікелей сатып алынған.

Айгүл Сыздықова, фармацевтикалық компанияның жетекшісі:

- Біз 5 аталым бойынша дәрілерді сатып алуды жоспарлап отырмыз. Олардың екеуінің тиімділігі жоғары және олар ауруы жиі қайталанатын науқастарды емдеуде қолданылады. Бұл бұрын әкелінбеген жаңа препараттар.

Туберкулезге қарсы дәрілердің де тиімділігі 80% артады деп күтілуде.

2,5 мыңдай науқастың еміне қажет дәрілердің 5 аталымы туберкулезге қарсы күрес ұйымы арқылы тікелей өндірушілерден жеткізіледі.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова

Хабар 24 телеарнасы