377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қарағанды облысындағы бөгеттерді жөндеуге қомақты қаржы бөлінді

  • 254
  • UPD: 21:06, 07.03.2019
Қарағанды облысындағы бөгеттерді жөндеуге қомақты қаржы бөлінді

Қарағанды облысындағы бірнеше ірі су бөгетін күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен 700 млн теңге бөлінді. «Топар» мен  «Тихоновка» су бөгеті аймақтың коммуналдық меншігінде.

Жөндеу жұмыстарынан кейін ондағы жиналған қар суы облыстағы шаруа қожалықтары мен балық шаруашылығына бағытталады. Биыл  Федоров су қоймасы ауданында Соқыр өзенін санациялау бойынша жұмыстар аяқталады. Сонымен қатар айналма арналарды тазалауға 60 млн теңге қаражат қарастырылған.

Руслан Төлепбаев, облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:

- Бұл шаралар су тасқыны кезінде Федоров су қоймасын уақытында толтыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тасқынмен келген суды айналма арнамен ағызып  саяжайлардағы  су деңгейінің көтерілуіне жол бермейді.

Хабар 24 телеарнасы