377.73 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін қосымша 37 млрд теңге қажет

  • 132
  • UPD: 23:51, 02.04.2019
Бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін қосымша 37 млрд теңге қажет

37 миллиард теңге.

Бюджет қызметкерлерінің жалақысын өсіруді 1 маусымнан бастау үшін қосымша осынша қаржы қажет, деп хабарлайды «Хабар 24». Бұл мәселе бүгін Парламент Сенатында қаралды. Жалпы 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға өзгерістер енгізуде қазынадан қосымша 38 млрд теңге жұмсау жоспарланған.

Айта кетейік, бұған дейін бұл өзгеріс 1 шілдеден басталады делінген.

Татьяна Савельева, ҚР қаржы министрінің орынбасары:

- Республикалық бюджетті нақтылауда біраз өзгерістер енгізіп отырмыз. Оның ішінде әлеуметтік мәселелерге ерекше көңіл бөлінген. Бұған қоса, экономикалық өсімді де ойдан шығармауымыз керек. Яғни онсыз халықтың кірісі көбеймейді. Сондықтан барлық шешім әлеуметтік жағынан да, экономикалық жағынан да жақсылап қарастырылуы қажет.

Хабар 24 телеарнасы