378.89 422.90 5.88
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Халыққа көмек» жобасы арқылы 200-ге тарта азаматқа нақты қолдау көрсетілді

  • 181
  • UPD: 10:07, 23.04.2019

Жамбыл облысында «Халыққа көмек» партиялық жобасы өз жемісін бере бастады. Бастама аясында 600-ге жуық адам көмекке жүгініп, 200-ге тарта азаматқа нақты қолдау көрсетілген.

Nur Otan партиясының Жамбыл облыстық филиалында кезекті қоғамдық қабылдау өтті. Мәслихат депутаттары түске дейін 25 адамды қабылдап, жұрттың өтініш, тілектерімен танысты. Келушілердің арасында аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Басым көпшілігі баспана кезегі, жер, әлеуметтік көмек, жұмысқа орналасу секілді проблемалармен келген. Фракция мүшелері олардың жуық арада шешімін табуына ықпал етеміз деп отыр. 

Сандуғаш Тұрлыбаева, Тараз қаласының тұрғыны:

- Одан кейін күйеуімнің жұмыссыздығы сол, Одан кейін өзімдікі бар. шешіп берді бәрін. Мені балабақшаға, күйеуімді стройкаға қабылдаймыз деді. Хабарласып, телефондарын жазып берді. Документтерді дайындап барамыз.

Бақытжан Сейіткәрімов, облыстық мәслихат депутаты:

- Кейбір вопростар болады шешілмейтін. Енді жаңағы кезек деген сияқты. Кезекті ешкім жылжыта алмайды ғой. Ал мынау енді әлеуметтік көмекке біз ықпал жасап жатырмыз. Тікелей хабарласып сол құжатты дайындайтын мекемеге тіке шығып, орындаушымен сөйлесіп, шешіп беріп жатырмыз. Бұл енді заң аясында бәрі.

Хабар 24 телеарнасы