379.36 421.60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада тәрбиесі қиын балалармен психологтар тренинг өткізді

  • 133
  • UPD: 16:13, 02.05.2019

Тәрбиесі қиын балаларды ізгілікке баули білсек, олардан мықты мамандар шығады. Облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған интернат тәрбиеленушілерімен ой бөліскен психологтар осындай пікірде.

«Болашаққа бағдар» атты тренинг аясында мамандар жасөспірімдер арасында арнайы ойындар өткізіп, ертегі мен музыка терапиясын жүргізді. Интернатта тәрбиеленетін 14 өреннің ата-анасы бар болса да көңіл бөлу, жылулық жетіспейді. Яғни олар аялы алақан мен мәуелі мейірімділікті аңсайды. Оны балалардың «Менің арманым» тақырыбында салған суреттерінен байқадық дейді мамандар. Сот шешімімен түзету мекемесіне жіберілген жас өскіндердің барлығы алғыр, білімге қабілетті. Тек қараусыз қалғандықтан түрлі ойдың жетегінде кетіп, ұсақ бұзақылықпен көзге түсіп қалған. Олардың енді қоғамға сіңісіп, қалыпты балалар қатарына қосылу үшін ювеналды органдар түрлі тәрбиелік-танымдық шаралар ұйымдастырып келеді.

Гүлвира Ақбенбетова, психолог:

- Негізі тренинг мақсаты осы қиын жағдайға түскен кезде әрі қарай өмір сүруге болады. Өмір сүруге деген мотивациялық жұмыстар. Балалар қазір арт терапиямен жұмыс жасап жатыр. Арт терапия бір-бірімен ең 1-ортаға бейімделу, коммуникативтік қарым-қатынас, бір-біріне деген жақсы ықылас, лебіз білдіру. Қарап отырсаңыз барлығы қарым-қатынасты білдіреді.

Манарбек Есжанов, ювеналды полиция тобының аға инспекторы:

- Қызылорда облысы көлемінде кәмелетке толмағандармен жасалған қылмыстар 3% төмендеді. Ішкі істер органдарында 131 кәмелетке толмаған есепте тұр. Олардың жүріс-тұрысы үнемі ювеналды полиция инспекторларының бақылауында.

 

Хабар 24 телеарнасы