389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ақмола облысында егістік науқаны басталды

  • 387
  • UPD: 14:17, 17.05.2019
Ақмола облысында егістік науқаны басталды

Егін себуге алдымен, өңірдің оңтүстік аудандары кіріссе, қазір көктемгі дала жұмыстары барлық аудандарда жүргізіліп жатыр.

Ауа райы қолайлы болса, айналасы 3 аптаның ішінде аймақта 4 млн 800 мың гектарға жуық жерге дән сіңірілмек. Ол үшін шаруаларға Үкіметтен арзандатылған бағада 65 мың тонна жанармай бөлінген. Бүгінде сұйық отынның 70 проценті барлық аудандарға таратылды. Жалпы, Ақмола облысында егін себумен айналысатын бас-аяғы 5 мыңнан астам шаруашылық бар. Ал, диқандар өткен жылы 5 жарым млн тоннадан астам астық жинаған болатын.

Димаш Таласбаев, облыстық ауылшаруашылығы басқармасы басшысының міндетін атқарушы:

- Бүгінгі күні 445 мың гектарға дəнді бұршақ дақылдар себілді. 50 мың гектарға майлы дақылдар себілді. Көктемгі жұмыстар жүргізілуде. Амандық болса, 20 күннің ішінде жалпы бітіруге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы