383,62 430.12 5.96
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтіп жатыр

  • 122
  • UPD: 12:59, 22.05.2019

Жыл басынан бері жұмыспен қамту орталығы арқылы 2 жарым мыңнан аса азамат жұмысқа қабылданды.

Ал бүгінгі жәрмеңке қанша адамға үміт сыйлайды?

Өтіп жатқан жәрмеңке ерекше, мұнда арзан бағаға азық-түлік таппасаңыз да, сәтті жасалған түйіндемеңізді көрсетіп, тұрақты жұмыспен қамтылуға мүмкіндік мол. Бүгінде қалалық жұмыспен қамту орталығында 6000-ға жуық маманға сұраныс бар. Көріп отырғанымыздай, нәпақа көзін іздей келгендер көп екен. Еңбекке жарамды азаматтар елордадағы «Жастар» сарайына жиналуда. Мұнда 80-нен астам жұмыс беруші 1000-ға тарта қызметкерді іздей келген. Әсіресе сауда, қызмет көрсету, білім беру, ауыл шаруашылығы, өндіріс салаларында мамандар тапшы екен.

Бүгінде елімізде жұмыссыздық 4,8 процент шамасында. Оның ішінде 78 мың жас тұрақты еңбекпен қамтылмаған. Бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне оқу орындарының түлектері де келіпті. Оларға «Жастар тәжірибесі» бағдарламасы ұсынылады. Қысқасы, ерінбеген адамға жұмыс табылады. Шараны ұйымдастырушылар осылай деп сендірді. Елордалықтарға құлаққағыс, бос жұмыс орындар жәрмеңкесі сағат 13:00-ге дейін жалғасады.

Авторы: Мерей Мұратханқызы

Хабар 24 телеарнасы