382,38 428.95 5.97
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы әуежайының өкілдері орындықтардың неліктен алынып тасталғанын түсіндірді

  • 212
  • UPD: 10:46, 04.06.2019

Алматы халықаралық әуежайының күту залындағы орындықтар алынып тасталды.

Мұндай жаңалықты Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова байқап, әлеуметтік желідегі парақшасында бөліскен. Күтіп алушылар тікесінен тік тұрса, жолаушылар жүктеріне жүрелеп отыруға мәжбүр. Әуежайы әкімшілігі залдағы орындықтардың алынғанын растады. Өйткені оны жолаушылардан өзге тұрғындар демалу, уақыт өткізу және ұйықтау үшін пайдаланады екен. Ал негізгі аймақтағы орындар бар.

Наталья Соколова, халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы:

- Бізге жолаушылардан, туристерден көп арыз түсті. Өйткені күту аймағында түсініксіз, бейтаныс адамдар көп жүретін болған. Олар такси жүргізушісі немесе мызғып алуға кіргендер. Біз жалпы аймақтағы орындықтарды алып тастадық. Арнайы аймақтар сол күйінде қалды. Алдағы уақытта қарт және балалы адамдар үшін жалпы аймаққа бірқатар орындықты қайтарамыз.

Хабар 24 телеарнасы