378,83 431.00 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Мақтааралдағы жастардың ресурстық орталығында дін бөлімі жұмыс істейді

  • 85
  • UPD: 22:30, 11.06.2019
Мақтааралдағы жастардың ресурстық орталығында дін бөлімі жұмыс істейді

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында Жастар ресурстық орталығы өз жұмысын бастады.

Жаңадан бой көтерген 2 қабатты ғимарат жақында ғана пайдалануға берілді. Орталық 13 бағыт бойынша жұмыс істейді. Спорт, жұмыспен қамту, жастарды кәсіпкерлікке баулу, дін бөлімдерінен басқа, психологтың да кабинеті қарастырылған. Мұнда «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын жастарға кеңінен насихаттау мақсатында электрондық үкімет жүйесі енгізілген. Қазір ғимараттың құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенімен бөлмелері толық жиһазбен жабдықталмаған. Бірақ соған қарамастан орталық жастардың жиі бас қосатын орнына айналып үлгерді. Мәселен, белгілі кәсіпкерлердің қатысуымен жастарды кәсіпкерлікке баулып, кепілсіз несие беруге бағытталған түрлі семинар-тренингтер ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар жастарды солтүстікке қоныс аударып, сонда барып жұмыс істеуіне жағдай жасайтын бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтіп тұрады. Жалпы ауданда 14 пен 29 жас аралығындағы 33 мың жас бар.

Сүндет Кенжебаев, жастар ресурстық орталығының басшысы:

- Ғимаратымыздың артында арнайы жазға қарай біз домбыра пати, одан соң отандық кино көрсетеміз. Ал ғимараттың жанында стрит воркауттар болады. Кейін брейк-дансқа дайындық жұмыстары жұреді. Келесі жылды еріктілер жылы деп жариялады. Қазіргі таңда ауданда басым күшті сол еріктілерге салып отырмыз. Еріктілер арқылы басқа жастарды тартуға мүмкіншілік бар екеніне көзіміз жетті.

Хабар 24 телеарнасы