389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ұстаздар мен дәрігерлердің қоғамдағы рөлін арттыру үшін жаң заң қабылданады

  • 479
  • UPD: 16:09, 14.06.2019

Елімізде алдағы уақытта ұстаздар мен дәрігерлердің қоғамдағы рөлін арттыру үшін жаң заң қабылданатын болады.

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтау рәсімінде ел алдына мақсат еткен 10 басым міндеттердің бірінде мәлімдеді. Президенттің бұл бастамасы құптарлық. «Алты алаштың басы қосылса, төр мұғалімдікі болуы қажет», дейді шымкенттік заң ғылымдарының кандидаты Асхат Есенәлиев. Оның айтуынша, әлеуметтік сала қызметкерлерінің бұл мәртебесі тек материалдық жағдайдың жақсаруына ғана емес, сондай-ақ аталған заң күшіне енгенде ұстаздар жағы мұғалімдер жұмысына қатысы жоқ өзге де жұмыстардан босатылатын болады дейді. Ал ұстаз – бұл қоғамның айнасы.

Асхат Есенәлиев, заң ғылымдарының кандидаты, доцент:

– Бізге ең басты қонымдысы – білім-ғылым саласына келтіретін өзгерістер мен толықтырулар. Бұл сала елге, халыққа қызмет жасайды. Негізгі басты назар – алдыңғы қатардағы елдердің қатарына қосылу.

Хабар 24 телеарнасы