389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ЕжХӘҚМ 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемнің төмендетілуі туралы ақпаратты теріске шығарды

  • 243
ҚР ЕжХӘҚМ 1 жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты төлемнің төмендетілуі туралы ақпаратты теріске шығарды eGov

18 маусым күні БАҚ-та жәрдемақы алушы баласы бір жасқа толғанға дейін жұмысқа шығамын деп шешкен жағдайда, оның күтіміне байланысты төлемдерді ең төменгі деңгейге дейін қысқарту жоспарланғаны жөнінде мақала жарық көрді.

Тиісті норма «Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы» жаңа заң жобасында қамтылып, жақын күндері бірінші оқылымы кезінде  Парламент Мәжілісінде қабылданған болатын.

Бір жасқа дейінгі бала күтіміне байланысты табысынан айрылуы жағдайында жұмысын немесе кәсіпкерлік қызметін жалғастырған кезде әлеуметтік төлемдер көлемін мемлекеттік жәрдемақының мөлшеріне дейін азайту туралы норма бұдан бұрын осы заң жобасында болғандығы жөнінде хабарлаймыз.

Алайда қоғам пікірін және ана мен баланы қолдау жөніндегі шараларды арттыруға бағытталған мемлекеттік саясатты ескере отырып, депутаттардың ұсынысымен бұл норма заң жобасы қабылданғанға дейін Парламент Мәжілісінде бірінші оқылым кезінде алынып тасталған болатын.

Өзекті ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Қоғаммен байланыс департаментіне 74-35-00, 74-34-53, 74-28-55 телефондары арқылы хабарласуыңызды сұраймыз.

Сондай-ақ сіз өз сұрақтарыңызды press_mtszn@mail.ru немесе Министрліктің Facebook әлеуметтік желісіндегі ресми аккаунтына жолдай аласыздар.

Ақпарат көзі: enbek.gov.kz

Хабар 24 телеарнасы