384,06 431.46 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


СҚО-ның Саумалкөл ауылындағы өнер мектебі жөндеуден өткізіледі

  • 149
  • UPD: 22:59, 09.07.2019

Солтүстік Қазақстан облысы Саумалкөл ауылына «Ауыл – ел бесігі» жобасы бойынша 2,6 млрд теңге бөлінді.

Бұл қаржыға елді мекенде дене шынықтыру кешені, өнер мектебі салынып, мектептер мен аурухана жөнделеді. Айыртау ауданының орталығында тағы қандай жұмыстар атқарылады? 

Айдарбек Айтмұхамбетұлы, тілші:

- Қазақстан бойынша «Ауыл – ел бесігі» жобасына 50 аудан орталығы енді. Солардың бірі Айыртау ауданындағы Саумалкөл елді мекені. Бұл бұл ауылды үлкен өзгерістер күтіп тұр.

Саумалкөл ауылында 3 мектеп бар. Биыл олардың барлығы да күрделі жөндеуден өтеді. Білім ошақтарының есік – терезелері ауыстырылып, аулалары абаттандырылады. 

Аптасына бір рет болсын көтерілемін. Әр күні бригадирлерінен сұрап отырамын, қаншама жұмыс атқарылды, қандай жұмыс атқарылып жатыр.

Меңдігүл Олжабаева қазақ орта мектебінің директоры. Ол жөндеу жұмыстарын өзі қадағалайды. Оқу ордасының төбесінен су ағатын. Енді міне жаңадан шатыр салынып жатыр.

Меңдігүл Олжабаева, Саумалкөл қазақ орта мектебінің директоры:

- 3-4 жыл бойы мектебімізде 3-қабаттан бастап, бірінші қабатқа дейін су ақты. Былтырғы оқу жылында шамалы ремонт жасалған болатын. Мінеки биылғы жылы үлкен ақша бөлініп, 37 млн. теңге ақша бөлініп, қазіргі таңда жоспарға сәйкес ремонтымыз жасалып жатыр енді.

Саумалкөлде «Ауыл – ел бесігі» бойынша 18 жоба жүзеге асады. Солардың бірі өнер мектебі. Талай жылдан бері қаңырап бос тұрған ғимарат енді балалардың игілігіне қалпына келтірілмек. Оның құрылысына 160 млн теңге бөлінді.

Ермек Қасымғалиев, Володар ауылдық округінің әкімі:

- Бұл өнер мектебі болады. Алдында ол поликлиника болған. Қазір ақша бөлініп осы өнер мектебі жөнделіп болады. СКЛ 000030 Біздің ауданға ол ең үлкен бір кішкентай өсіп келе жатқан балаларға бір қызықты, бос уақытын өткізетін жерлері болады.

Саумалкөл туристік Айыртау ауданының орталығы. Шалқар, Имантауға демалуға келетін адамдар осы ауылды басып өтеді. Биыл елді мекеннің барлық көшесі жөнделеді.

Авторлары: Айдарбек Айтмұхамбетұлы, Төлеген Иманов

Хабар 24 телеарнасы