386,34 428,03 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында жыл басынан бері 200-ге жуық жол апаты тіркелді

  • 137
  • UPD: 07:17, 26.07.2019
Павлодар облысында жыл басынан бері 200-ге жуық жол апаты тіркелді

Ертіс өңірінде жыл басынан бері 200-ге жуық жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 400-ге тарта азамат зардап шеккен, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оқыс оқиғалардың көбі жаз мезгілінде және қала сыртындағы халықаралық жолдардың бойында болады. Апаттың алдын алып, жүргізішулердің тәртібін күшейту мақсатында уақытша тоғыз бекет жасақталды. Олардың барлығы шетелдік көліктер жүретін магистральдерде орналасқан. «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында медицина және төтенше жағдайлар қызметінің мамандары бірлесіп, ұзақ жолды еңсеретін азаматтарға апат кезінде әрекет ету дағдыларын үйретті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, аптап ыстықата жол бойында патрульдік полиция жасақтары қызмет атқарады. Осы тектес бекеттердің жұмысы аймақтағы қалалар мен аудандардың барлығында ұйымдастырылды.

Серік Жұмалиев, облыстық полиция департаменті жол-патруль қызметінің бастығы:

- Жыл басынан бері қала сыртындағы жолдарда 47 көлік апаты тіркелді. Салдарынан 10 жүргізуші көз жұмып, тағы 20 азамат зардап шекті. Жол апатына көбінесе жүк көліктері ұшырап жатады. Ұзақ жол жүретін азаматтар үшін осындай акция ұйымдастырып, ескерту жасап жатырмыз.

Виктор Нечяев, жүргізуші:

- Жол бойында қандай қауіп күтіп тұрғанын білмейсің. Сондықтан жол ережелерін сақтаудан бұрын демалу режимін де сақтау керек. Біз Ресейдің Саратов өңірінен Семейге бара жатырмыз. Үш мың шақырымдық жол болғандықтан, әр 4-5 сағат сайын демаламыз. Түнде 10 сағатымызды ұйқыға арнаймыз.

Хабар 24 телеарнасы